389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндері елордада Қарағанды облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

  • 177
  • UPD: 17:10, 04.10.2019
Демалыс күндері елордада Қарағанды облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Қарағанды облысының шаруалары елордадағы жәрмеңкеге 600 тоннадан астам өнім әкеледі.

Қазанның 5-6 күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Хан Шатыр» сауда  ойын-сауық орталығының жанында Қарағанды облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жермеңке аясында Бауырсақ және қымыз фестивалі өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеге өңірдің 9 ауданы мен 4 қаласынан 80 шаруа қожалықтары және қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады. Сауда сөрелерінде барлығы 600 тоннадан астам өнім сатылады. Оның ішінде 100 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 15 тонна сүт өнімдері, 360 мың дана жұмыртқа, 5 тонна балық және  16 тоннадан астам басқа да өнімдер әкелінеді.

Сонымен қоса ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу аясында «Бауырсақ және қымыз» фестивальдері ұймдастырылып, келушілер назарына өңірдің шығармашылық ұжымдарымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

Хабар 24 телеарнасы