389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық сарапшылар мұғалімнің мәртебесін арттыру аспектілерін талқылады

  • 157
  • UPD: 17:41, 04.10.2019
Елордалық сарапшылар мұғалімнің мәртебесін арттыру аспектілерін талқылады

Қазіргі ақпараттық заманда мұғалімдерге үлкен міндет жүктеліп отыр.

Яғни, оқушының назарын өзіне аудару үшін олар бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеп, тынымсыз еңбектенуі керек.

Бұл мәселелер бүгін елордада өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Сала мамандары мен сарапшылар президент жолдауындағы мұғалімнің әлеуметтік рөлін арттыру аспектілеріне тоқталды. Бұған қоса, педагогтардың зияткерлік және материалдық болмыстарын қалыптыстырудың маңызы да сөз болды. Басқосу барысында білім саласындағы әлемдік көштен қалмау тетіктері айтылып, оған қатысты ұсыныстар алға тартылды.

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

- Тарихтың толқынында қалу үшін уақыттың алдында жүру керек. Адам капиталын дамытып, болашақ болмысына сәйкестендіру – мұғалімнің ең негізгі мәселесі. Бүгінде болашағымыздың кепілі ретінде мұғалім мәртебесі қарастырылу керек.

Хабар 24 телеарнасы