389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оқушыларға сапалы білім беру үшін ұстаздардың әлеуметтік жағдайы да жақсы болуы керек

  • 169
  • UPD: 18:57, 04.10.2019
Оқушыларға сапалы білім беру үшін ұстаздардың әлеуметтік жағдайы да жақсы болуы керек

Мұғалімдерге артық жұмыс жүктелмеуі тиіс.

Әрі оқушыларға сапалы білім беру үшін ұстаздардың әлеуметтік жағдайы да жақсы болуы керек. Елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстазы Жанат Қазығалиева осылай дейді. Дәл осы ұстаз мәртебесі қазір жеке заң ретінде әзірленіп жатыр. Заң жобасы арқылы мұғалімді қорғайтын, қолдайтын талап енгізілмек. Яғни, педагогтың кәсіби құқықтарын кеңейтуді көздейді. Жоба бойынша шет елдердің тәжірибесін мұқият зерттеген үздік сарапшылар еңбек еткен. Осы арқылы ұстаздар қауымы өз-өзін дамытып, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік аламыз деп отыр.

Жанат Қажығалиева, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі:

- Мұғалім мәртебесі жөніндегі заңға қарайтын болсақ, онда мұғалімнің әлеуметтік жағынан көп қолдауға ие болмақ. Бұл мұғалімнің шығармашылық жағынан шыңдалуына мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Әрине, қазір заман талабына техниканың дамығанымен қатар қағаз бастылық көп. Мұғалімдер әрқашан бір қадам алда жүру керек болады. Оларға қойылатын талап та жоғары. Яғни, сондай талап қойылып отырған мұғалімдерге де жағдай жасалуы керек. Сондықтан бұл заң соған қолдау көрсетеді деп ойлаймын. Мұғалімнің әлеуетін аша түсетін заң деп ойлаймын. Себебі әріптестерімінің бала тәрбиесімен айналысуына мүмкіндіктер көбейе түседі.

Хабар 24 телеарнасы