389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 2017 жылдан бері жемқорлыққа қатысты 145 қылмыс әшкереленген

  • 147
  • UPD: 19:25, 04.10.2019
Елімізде 2017 жылдан бері жемқорлыққа қатысты 145 қылмыс әшкереленген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2017 жылдан бастап қазірге дейін жемқорлыққа қатысты 145 қылмысты әшкерелеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бойынша 78 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 59-ы сотталған. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Бұл қылмыстардың салдарынан мемлекетке 931 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген. Оның 907 миллионы қазынаға қайтарылыпты. Сондай-ақ, жиында өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаражатты тиімді пайдалану мәселесі де қаралды.

Хабар 24 телеарнасы