389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында екі полиция полковнигі мемлекеттің мүлкін талан-таражға салған

  • 149
  • UPD: 21:12, 04.10.2019

Ақмола облысында екі полиция полковнигі ұсталды. Олар өздеріне сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деген күдік бар.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Олардың бірі – Асан Сәдуов 2018 жылдан бері облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған. Қазір қызметінен босатылды.

Екінші күдікті – Сәуле Жұмалина саланың қаржы басқармасына жетекшілік еткен. Жоғары шенді сардарларды ішкі қауіпсіздік қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп ұстаған. Екі полковник те ішкі істер органдарында 20 жылдай қызмет еткен. Ал облыстық полиция департаменті ешқандай түсінік берген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы