389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WhatsApp арқылы жалған ақпарат таратқан әйел қазақстандықтардан кешірім сұрады

  • 149
  • UPD: 19:54, 04.10.2019
WhatsApp арқылы жалған ақпарат таратқан әйел қазақстандықтардан кешірім сұрады

Алматыда 28 жастағы азаматша WhatsApp арқылы «балаларды жаппай ұрлап, сатып жатыр» деп елдің үрейін алды.

Келіншек полицияға берген түсініктемесінде хабарламаның соншалықты әбігер туғызатынын білмедім деп ақталған. Құқық қорғаушылар фейк жаңалықтың авторын көп ұзатпай анықтаған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдікті енді 2,5 миллион теңге айыппұл төлейді немесе қоғамдық жұмысқа тартылады. Тіпті бір жылға дейін бас бостандығынан да айырылуы мүмкін.

Блиц:

- Менің хабарламамды естіп, әбден зәресі ұшқан алматылықтардан кешірім сұраймын. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде желдей еседі деп ойламаппын. Өтінемін, кешіріңіздерші!

Хабар 24 телеарнасы