389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жер қойнауына заңсыз қол сұққандарға тыйым болмай тұр

  • 142
  • UPD: 21:24, 04.10.2019

Солтүстік Қазақстан облысында жер қойнауына заңсыз қол сұққандарға тыйым болмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұлақ ауылы маңында қиыршықтасты күні-түні тасып жатқандар жергілікті тұрғындардың ашу-ызасын туғызды.

«Себебі ауыр жүк көліктері онсыз да жарамсыз жолды бүлдіріп бітті», - дейді олар.

Қиыршықтастың заңсыз қазылып, тасымалданып жатқанына 7 айдан астам уақыт болған. Тұрғындар бірнеше мәрте ескерту жасаса да, жер қойнауына қол сұққандар өз айылын жияр емес.

Болат Бейсенбаев, Бұлақ ауылың тұрғыны:

Кеше келсек, он КамАЗ тұр. Екеуі келе жатты. Қалғандары ішінде тұрды. Келіп айттық, жігіттер қағаз-құжаттарыңды көрсетіңдер деп. Не масқара. Бізде өзі жол жоқ. Өмір бойы жол да болған жоқ. Бас-көз жоқ. Не сұраныс жоқ. Не бір талап жоқ, осы жерді қаза береді. Маңайдың бәрін қазып бітті. Таза ұрлық, ашық түрде ұрлап жатыр.

Халықты тағы бір алаңдатып отырған мәселе – ол жердің қазылуынан түрлі радиацияның таралуы. Сондықтан жақында ауыл азаматтары өздері тұтынып отырған ауызсуды арнайы сараптамадан өткізген.

Қуаныш Жазитов, Бұлақ ауылының тұрғыны:

Альфа-радиация бізде норма дейді ғой. Сол болу керек нормадан 1,5 есеге жоғары болып шықты. Қазып жатыр. Осыларды жердің бетіне үйіп, әне шығарып жатыр. Оның бәрі радиация таратып жатыр ма деп тұспалдаймыз.

Жер байлығын тонналап тасып келгендердің тірлігін жергілікті тұрғындар телефонға түсіріп алған. Кадрдағы техникалар «Петропавл жолдары» серіктестігіне тиесілі екенідігін айқын аңғаруға болады.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Мінекей, өздерінің көріп тұғандай, тасымалдаушы компания тастарды арнайы үйіп қойған. Яғни, техникамен арта берсеңіз болғаны. Ал, ауыл тұрғындарының айтуы бойынша бұл жерден күнінен жоқ 50 КамАз-дан астам тас сыртқа шығарылады екен.

Бұл мәселені айтып, тұрғындар талай жерге барып көмек сұраған. Бірақ нәтиже болмапты.

Серкелбай Тыныбеков, Бұлақ ауылының тұрғыны:

Прокурорға хабарластым тағы да. Ауданның прокуроры біледі, облыстың прокуроры біледі. Жауап жоқ. Осы күнге дейін шыдадық енді. Мынау 20-30 жыл тоқтап тұрған жерді осы жерге дейін алып келді.

Ал табиғатты қорғау прокуратурасы іспен енді ғана айналаспақ. 

Самат Темірбаев, СҚО Табиғатты қорғау прокуроры:

- Аудандық прокуратура қызметкерлері кеше оқиға орнына барып келді. Жер қойнауын заңсыз пайдаланып жатқандарға қатысты материал жинақтады. Қазір іс полицияға жолданды. Енді кімдер, қай мақсатқа бұл тастарды алғандары анықталатын болады.

Тексеріс жұмыстары екі айға созылмақ. Компанияның кінәсі дәлелденсе, оған айыппұл салынып, мемлекетке келтірілген шығынды толығымен өтейтін болады.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы