389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда ТКШ саласын модернизациялау аясында 106 көпқабатты үй жөнделді

  • 138
  • UPD: 23:13, 04.10.2019

Оралда өткен қыста қалың жауған қарды көтере алмай қирап қалған шатырлар жөнделіп жатыр.

Баспаналарын өз күштерімен жөндеуге шамасы жетпегендер мәселені тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласын модернизациялау бағдарламасы аясында шешуге ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

- Бесінші қабатта тұратын Роман Рейдель өткен қыстан қиналып шыққанын айтады. Өйткені Кердері көшесіндегі бұл үйдің шатыры қалың қарды көтере алмай, опырылып құлаған еді.

Роман Рейдель, қала тұрғыны:

- Үйімнің төбесінен су кететін жағдайлар жиі болып тұрады. Әзірге олқылықтың орнын толтыруға өзіміз күш салып келеміз. Бірақ нәтиже шамалы. Сондықтан егер дұрыстап жөндеп берсе, тұрғындар ақшасын төлеуге әзір.

Алдағы қыстан қысылмай шығу үшін тозығы жеткен тағы 20 шақты көпқабатты үйдің шатыры жөнделуі тиіс. Әзірге 4 үйдің шатыры тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласын жаңғырту бағдарламасы аясында жөнделмек. Осы жазда қалада 7 тұрғын үй бағдарлама көмегімен жөндеуден өтіпті.

Жұбан Жұмағалиев, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Ағымдағы жыл басында 68 миллион теңге қаражат бөлініп, 3 төбені күрделі жөндеуден өткіздік. Сонымен қатар қазіргі таңда 4 төбе жабындыларына 111 миллион теңгедей қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары басталуда. 106-сы өз қаражаттары есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын. Тіреу салып, шиферлерін салып, жаздай өз қаражаттары есебінен жұмыстар атқарылған болатын.

8 жыл ішінде мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қалада 106 көпқабатты үй жөнделіпті. Олардың дені жарты ғасыр бұрын салынған 5 қабатты көне үйлер. Қазір қала бойынша тағы 20 үйдің тұрғындары осы бағдарламаға қатысуға ниет танытып отыр.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы