389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бір ай бұрын Атырауда болған жол апатына тағы бір көліктің қатысы бары анықталды

  • 168
  • UPD: 23:42, 04.10.2019
Бір ай бұрын Атырауда болған жол апатына тағы бір көліктің қатысы бары анықталды

Атырауда 14 қыркүйекте жас жігіттің ажалына себеп болған жол оқиғасы бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда жол ережесін бұзған тек Toyota көлігі ғана емес, онымен жарысқан Mersedes те анық көрініп тұр. Демек, оқиғаға екі көлік те кінәлі. Естеріңізге сала кетейік, өткен айдың ортасында қала ішінде жарысқан екі көлік 17 жастағы бозбаланың өмірін қиған еді. Бұл жағдай қоғамда үлкен шу туғызды. Әлеуметтік желіде Toyota-ның жүргізушісі осындай жарысты жаны сүйетіндігі туралы бейнежазба тарады. Ол азамат қазір екі ай мерзімге абақтыға қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Облыстық полиция департаменті аталған қылмыстық іске Mersedes автокөлігі де қатысы бар дегенді алға тартады. Қазір бейнебақылау жазбасы зерттелуде. Зерттеу қорытындысы бойынша екінші көліктің жол апатына қаншалықты қатысы барлығы анықталатын болады.

Асылжан Мамышев, облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі:

- Қылмыстық іскен қатысы бар деген күдікпен Toyota Mersedes автокөліктері полиция департаментінің айыптұрағына қойылды. Ол көліктер қылмыстық іс тергеліп болғанша сонда болады.

Хабар 24 телеарнасы