389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Балқаш су» мекемесінің басшысы 3 жыл 6 айға сотталды

  • 210
  • UPD: 07:15, 05.10.2019
«Балқаш су» мекемесінің басшысы 3 жыл 6 айға сотталды

Қарағанды облысындағы «Балқаш су» мекемесінің басшысы 3 жыл 6 айға сотталды. Ол жазасын шартты түрде өтейді.

Сондай-ақ бұдан былай мемлекеттік мекемелерде жұмыс істей алмайды. Мекеме директорына қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Ол бекітілген тарифті сақтап қалу үшін 123 миллион теңгеге құбыр ауыстырғаны жөнінде жалған құжат жасаған. Тексере келгенде бұл жұмыстардың мүлдем жасалмағаны белгілі болды. Енді шығын тұрғындарға тариф есебінен қайтарылмақ. 

Еркеш Мәукен, облыстық сотының  үйлестірушісі:

- Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Бірақ оның кінәсі сот отырысында барлық дәлелдермен дәлелденді, куәгерлердің жауаптарымен, сараптамалар бойынша. Бұл үкім заң күшіне енген жоқ. Сотталушы әлі де аппеляциялық сатыға өзінің шағымын келтіруге құқылы.

Хабар 24 телеарнасы