389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерлер еліміздегі бедеуліктің артуына алаңдаулы

  • 150
  • UPD: 09:34, 05.10.2019

Қазақстанда тұратын ерлі-зайыптылардың 15 проценті бала сүю қабілетінен айрылған. Оның 14,9 проценті Маңғыстау облысында тіркелген. Мамандар бедеуліктің артуына алаңдаулы.

«Аурудың алдын алмаса, ел демографиясына қауіп төнуі мүмкін» дейді Ақтауда бас қосқан ел дәрігерлері. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан және өзге аймақтардан жиналған гинекологтар балалы болуға кедергі келтіретін түйткілді мәселелерді талқылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлемде босанатын жастағы 1 млрд 800 млн әйел тұрады екен. Оның 10 проценті бедеулікке шалдыққан. Бұл 180 миллион адам. Маңғыстаулық мамандар да эндометриоз дертінің күшейе бастағанын айтып отыр. Бұрындары дәрігерлер осы диагнозбен жылына 2-3 адамға операция жасаса, қазір ай сайын оншақты әйел пышаққа ілінеді. Еліміздің әр өңірінен жиналған білікті мамандар Ақтауда күрделі операциялар жасап, өзара тәжірибе алмасты.

Болат Ишанғали, хирург – гинеколог:

- Эндометриоз – гинекологиялық аурулардың жаңа түрі. Бұл дертке көбнесе қала әйелдері шалдығады. Олар қаланың тынымсыз тіршілігінен өз денсаулықтарына қарауға уақыт таппайды. Сондай-ақ кеш босану да әйелдердің бедеулікке ұшырауына сеп болады. Уақытылы тұрмыс құрып, жүріп алмай бала сүйген дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы