389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылықтар елордадағы жәрмеңкеге 600 тоннадан астам өнім әкелді

  • 167
  • UPD: 12:37, 05.10.2019
Қарағандылықтар елордадағы жәрмеңкеге 600 тоннадан астам өнім әкелді

Елордада Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі жәрмеңкеге қарағандылық тауар өндірушілер 600 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізді. Яғни 80-нен астам тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынып отыр. Атап айтқанда, 100 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 360 тоннадан астам картоп, 360 мың дана жұмыртқа, 15 тонна сүт және сүт өнімдері, 5 тонна балық және тағы басқа тауарлар ұсынылуда», - деді Қарағанды облысы ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов.

Бошпановтың айтуынша, жәрмеңкеге аталған өңірдің 4 қаласы мен 9 ауданының тауар өндірушілері қатысып жатыр.

«Жәрмеңкеге қойылған тауарлардың бағасы елорда нарығынан 10-15 пайызға арзан. Жәрмеңкеге халық таңертеңнен ағылуда, астаналықтар арасында әсіресе біздің етке сұраныс жоғары. Сондай-ақ жәрмеңке аясында «Бауырсақ және қымыз» фестивалі ұйымдастырылып, халыққа тегін таратылатын болады», - деді ол.

Одан бөлек елордалықтарға жәрмеңке алаңында концерттік бағдарлама ұсынылуда. «Хан Шатыр» ойын–сауық орталығының алаңында өтіп жатқан жәрмеңке 2 күнге созылады. 

Хабар 24 телеарнасы