389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты Елжан Біртанов мәлімдеме жасады

  • 280
  • UPD: 17:30, 05.10.2019
Атыраудағы жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты Елжан Біртанов мәлімдеме жасады

Атыраудағы жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеме жасады.

Министрлік қылмыстық іске қатысты тергеу жұмыстарының толық аяқталып, сот шешімі шыққаннын күтеді. «Бұл жағдай еліміздегі дәрігерлерге қатысты теріс пікір қалыптастырмауы керек. Өйткені ақ халатты абзал жандардың басым бөлігі өз антына берік, – деді ведомства басшысы. Қазір қылмысқа қатысты екі дәрігер қамауда отыр. Енді перзентхана жұмысын жүргізуге басқа өңірлерден қосымша дәрігерлер жөнелтіледі. Жағдайды толық бақылауда ұстау үшін өңірге Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева аттанған. Еске сала кетейік, кеше Атырау облысы перинатальды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді деген күдікке ілінген болатын.

Елжан Біртанов, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Облыстық перзентхананың екі дәрігері қамауға алынды. Енді операция жасайтын екі-ақ дәрігер қалды. Облыс басшысы қосымша акушер-гинеколог жіберуді сұрап отыр. Ол жақта біздің ғылыми орталықтың мамандары бар. Бірақ олардың кейбірі перзентханаға барудан бас тартты. Өйткені бұған дейін ғылыми зерттеу орталығының акушер- гинеколог дәрігері ауданға шығып, операция жасағаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғалып, дәрігерлікпен айналысуына тыйым салынды. Осылайша біз дәрігер тапшылығы туралы айта тұрып, олардың жұмыс істеуіне өзіміз тыйым салып жатырмыз. Сондықтан кез келген жағдайды жан-жақты саралап барып, шешім қабылдау керек. Осы қылмыстың жасалуына не себеп болғанын анықтап, соларды жоюымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы