389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ға «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 90 жас дәрігер келді

  • 149
  • UPD: 19:59, 05.10.2019

 

м

Арайлым Қалменова биыл Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін бітіріп, отбасымен оңтүстіктен солтүстікке көшіп келді. Жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, аудандық ауруханаға жұмысқа орналасты.

Арайлым Қалменова, жас маман:

– Бізге өте тиімді. Себебі біз осы жаққа келгеннен кейін жолдасым, балам үшеуміз әрқайсысымыз 88 мың теңгеден алдық. Емхана бар. Тек қана дәрігер жетіспейді. Біз келдік. Жағдай жасалған. Енді халықтың денсаулығын көтеруге атсалысып жатырмыз деп ойлаймын.

Биыл Аққайың аудандық ауруханасына Арайлыммен бірге 6 жас дәрігер келіп, тапшы мамандардың орнын толтырды. «Қазір кезек те азайды», - дейді тұрғындар.

Илона Жалкинова, Смирново ауылының тұрғыны:

– Бұрын кезекте көп отыратын едік. Бір дәрігерге кіру үшін бірнеше рет келетін едік. Қазір түске дейін қаралып кететін болдық. Тамаша.

Жас дәрігерлерді ауыл аймақтарда құшақ жая қарсы алады. Солтүстік Қазақстан облысында оларға 1 жарым млн теңге көтермеақы беріледі.  

Тимур Сұлтанғазиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Жалпы бізде облыста 230-дей дәрігер жетіспейді. Көбінесе акушер-гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтар және осы келген 90 маманның көбісі осы жалпы тәжірибедегі мамандармен қатар педиатрлар, терапевтер және хирургтар. Осы арқылы облыстағы 35 пайыздай қажеттілікті жаптық.

Биыл дәрігер, медбикелердің жалақысы 30 процентке көтерілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізуді тапсырды.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы