389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда алғаш рет балалардың бизнес жәрмеңкесі өтті

  • 191
Түркістанда алғаш рет балалардың бизнес жәрмеңкесі өтті

Түркістанда алғаш рет балалардың бизнес жәрмеңкесі өтті.

Оған шаһардағы барлық мектептен 6 мен 15 жас аралығындағы 100-ге жуық оқушы қатысты. Он саусағынан өнер тамған жеткіншектер өздері жасаған заттары мен бұйымдарын саудаға шығарып, тұтынушыларға ұсынды. Осылайша, бүлдіршіндер күні бойы бизнеспен айналысып, кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренді. «Мұндай жәрмеңкелер балалардың бойында көшбасшылық, тіл табыса білу, дербестік және жауапкершілік сияқты қасиеттерді дамытуға көмектеседі», – дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ шара барысында балаларға арналған бизнес-тренинг те өтті.

Мерей Ибадуллаева, 9-сынып оқушысы:

– Мына кактусты өз қолымызбен жасадық. Мен желіден осындай қызықты дүниелерді іздеп отырамын. Соның бірінен тапқанмын. Астарды өзіміз жинадық. Сосын боядық.

Хабар 24 телеарнасы