389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

  • 198
Ақтөбедегі жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбедегі жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан кезде автобус ішінде 34 жолаушы болған. «Жол-көлік оқиғасы болған жерде 23 адам шұғыл медициналық көмек сұрап жүгінген, оның 9-ы бала мен алтауы ересек. Олар ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345 бабы 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - беді Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласындағы Солтүстік айналма жолдың 13 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Автобус ішінде №9 мектеп-гимназиясының 18 оқушы мен 9 ата-ана болған. Автобус жүргізушісі жол ережесін бұзып, Тәжікстан азаматы мінген «Ниссан» көлігімен түйісіп қалды. Сол кезде автобус аударылды.

Хабар 24 телеарнасы