389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарқаралыда жыл бойы қияр өсіретін жылыжай ашылды

  • 108
  • UPD: 21:55, 06.10.2019

Қарқаралыда қысы-жазы қияр өсіретін жылыжай ашылды. Жас кәсіпкер облыс әкімінің арнайы грантын алып, өз кәсібін ашқан.

Енді қала тұрғындарын жергілікті өніммен қамтамасыз ете бастады. Алғашқы науқанда 600 келіге жуық қияр жинаған. Қараша айында тағы бір бөлігі піседі. Шағын жылыжайдан мол өнім алу үшін кәсіпкер голландиялық технологияны қолданған. Сөйтіп небәрі 240 шаршы метр жерден күніне 30-40 келі қияр жинайды. Әлихан Шаріпов «Бастау» бағдарламасымен арнайы курста оқыған. Кейін, өзі ұсынған бизнес-жобасына 1 млн теңге грант ұтып алды. Айта кету керек, биыл осы бағдарламамен мыңдаған адам оқып, бизнестің қыр -сырын меңгерді. Ал, 600- ден астам адам шағын грантқа  ие болған. 

Әлихан Шәріпов, кәсіпкер: 

- Біз  «Бастау» бағдарламасы аясында оқыдық, бизнесті жетілдіруге әлі бір жыл уақытым бар. Сондықтан, алдағы уақытта жылыжайды кеңейтіп, Қарқаралыны ғана емес, жақын маңда орналасқан аудандарғада қияр жеткізіп тұруды жоспарлап отырмыз. Қарқаралыда бақшаға егіні дамымаған, сондықтан біздің көкніс сұранысқа ие. 

Хабар 24 телеарнасы