389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық көп балалы ана атаулы әлеуметтік көмекпен кәсібін дөңгелетіп отыр

  • 81
  • UPD: 08:29, 07.10.2019
Қостанайлық көп балалы ана атаулы әлеуметтік көмекпен кәсібін дөңгелетіп отыр

Қостанай облысында атаулы әлеуметтік көмекке 11 мың 238 көп балалы отбасы ие.

Олардың арасында кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, өз ісін ашып жатқандар аз емес. Солардың бірі – Жанар Көженова. Төрт баланың анасы «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы бір айлық курстан өтіп, 500 мың теңгедей грантқа ие болған. Аталмыш қаражатқа Денисов ауданында сән салонын жалға алған. Нысанды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, қазір күніне 7-8 адамға дейін қызмет көрсетеді.

Жанар Көженова, Денисов ауданының тұрғыны:

– Әр түрлі жастағы әйелдер келеді. Зейнеткерлер де бар. Барлықтарына ұнайды. Бастысы, осы жұмыс өзіме ұнайды. Пайдасын көргеніме өте қуаныштымын. Арманым орындалды.

Хабар 24 телеарнасы