386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет отырысында жәрдемақы төлеудің механизмін жетілдіру мәселесі қаралып жатыр

  • 354
  • UPD: 12:17, 07.10.2019

Көп балалы отбасылардың табысына қарамастан, мемлекеттік жәрдемақы беріледі.

Бұл қаржы әр өңірдің әлеуметтік жағдайына қарай есептеледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. Ал атаулы әлеуметтік көмек мұқтаж жандарға ғана беріледі. Әйтпесе, әлеуметтік көмекті заңсыз алғандар қатары көбейіп кеткен. Күні бүгінге дейін 73 адам 156 млн теңгені қазынаға қайтарған. Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа тетіктері туралы заң жобасын қазан айының соңына дейін Парламентке ұсынуды тапсырды. Онда халықты әлеуметтік қорғау және атаулы көмек төлеу механизмдері жетілдіріледі. Басты мақсат – көп балалы отбасының еңбекке жарамды мүшелерін жұмысқа орналастырып, табыс табуға ынталандыру. Үкімет басшысы табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға мемлекет  қамқорлық көрсететінін айтты. 

Хабар 24 телеарнасы