389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда бір топ жігіт жалған ақша жасаумен айналысқан

  • 136
  • UPD: 11:24, 07.10.2019
Алматыда бір топ жігіт жалған ақша жасаумен айналысқан

11 қыркүйекте Алматы қаласында экономикалық тергеу департаменттерінің мамандары жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Оның нәтижесінде 500 және 5000 теңгелік жалған купюра жасап келген үш адам құрықталған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тергеу жұмыстарының барысында бұрын сотталған азаматтар арнайы келісім арқылы жасырын цехта ҚР Ұлттық банкінің жалған банкноталарын жасаған. 
Қылмыстық топтың мекенжайы бойынша ноутбук, түрлі-түсті принтер, еріткіштер, ультракүлгін лампа, ламинатор, су белгілерінің орнын ауыстыруға арналған құрылғы, бояулар, екі жағында номиналы 500 және 5000 теңгелік банкноттардың суреттері (бланкілері) бар флэш-карталар және 308 мың теңге болатын жалған ақша тәркіленген. 

27 қыркүйекте ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп, қылмыстық іс сотқа берілді.

Хабар 24 телеарнасы