389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шағын қалалар мен аудандарда 210 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр

  • 128
  • UPD: 11:50, 07.10.2019
Шағын қалалар мен аудандарда 210 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр azh.kz

Тұрғын үй кезегіне шағын қалалар мен аудандарда 210 мың адам кезекте тұр. Соңғы 2 жарым жыл ішінде оларға барлығы 5 мың пәтер ғана салынып берілген.

Бұл туралы Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы Нұртай Сабильянов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, соңғы 5 жылда бюджет қаражаты есебінен бірде бір тұрғын үй салынбаған аудандар да бар.

«Мысалы Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 4 мыңға жуық азамат кезекте тұр. Бірақ соңғы он жылда бұл ауданда тұрғын үй салынбаған және тұрған 36 адам ғана тұрғын үй алған. Ақмола облысының Шортанды ауданында 600 адам кезекте тұрса да, 2013  жылдан бері онда тұрғын үй берілмеген. Ал Шығыс Қазақстан облысынын Аягөз қаласында 1 мыңға жуық адам кезекте тұр. Бірақ соңғы 25 жылда бұл ауданда бір де бір көп пәтерлі тұрғын үй салынбаған», - деді Нұртай Сабильянов.

Осылайша шағын қалаларда тұрғын үй салу мәселесін көтеріп, уәкілетті органдар мен әкімдіктер шағын қалалар мен аудандарда тұрғын үй салуды қолға алу керек екеніне тоқталды.

«Жергілікті бюджеттен тұрғын үйлер салу үшін қаржы қарастыру керек. Жергілікті бюджетте мұндай мүмкіндік бар», - деді ол.

Айтуынша, қазіргі уақытта елімізде 512 мың азамат тұрғын үй алу кезегінде тұр. Оның 30 мыңға жуығының бұл кезекте тұрғанына 10 жылдан асқан. Ал кезекте тұрған 200-ден астам азамат халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жатады.

Автор: Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы