389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Салынған тұрғын үйлерді беру кезінде оның 70 пайызын кезекте тұрғандарға беру ұсынылды

  • 140
  • UPD: 11:48, 07.10.2019
Салынған тұрғын үйлерді беру кезінде оның 70 пайызын кезекте тұрғандарға беру ұсынылды bnews

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы Нұртай Сабильянов кезекте тұрған адамдарға берілетін тұрғын үй санын 70 пайызға көбейту туралы мәселе көтерді.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің деректері бойынша, соңғы 3 жылда 17 мың пәтерлі кредиттік тұрғын үй берілген. Оның ішінде кезекте тұрған адамдарға 8 жарым мың пәтер берілген. Осыған байланысты Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы кредиттік тұрғын үйді беру тетігін қайта қарап, кезекте тұрған адамдарға берілетін тұрғын үй санын 70 пайызға көбейту керек», - деді ол.

Айтуынша, салынған тұрғын үйді өткізу ережесінде тұрғын үйдің кемінде 50 пайызы кезекте тұрған адамдардың арасында бөлінеді. Оны беру мерзімі 6 ай, осы мерзім өткен соң тұрғын үй кезекте тұрмайтын басқа азаматтарға берілетіні керсетілген.

Автор: Динара Доспан

 

Хабар 24 телеарнасы