389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 2021 жылға дейін жастарға арналған 9 мың пәтер салынады

  • 147
Қазақстанда 2021 жылға дейін жастарға арналған 9 мың пәтер салынады egemen.kz

Қазақстанда 2021 жылға дейін жастарға жалға берілетін 9 мың пәтер салынады.

Бұл туралы Елорда Инфо индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бейбіт Атамқұлов Мәжіліс отырысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша жастар жылы аясында жалға берілетін пәтер мәселесін баяндады.

«Биыл Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы жұмыс істейтін жас үшін кем дегенде 3 мың жалға берілетін пәтер құрылысы басталды. 2021 жылға дейін 9 мың жалға берілетін пәтер салу жоспарланып отыр»,– деді министр.

Нұр-Сұлтан қаласында 1050 пәтер бастапқы нарықтан сатып алынады. Шымкент қаласында 570 пәтер бастапқы нарықтан сатып алынады, 30 пәтер қайталама нарықтан сатып алынады, 300 пәтер салынады.

«Ал Алматы қаласында 1020 пәтер сатып алынады және 30 пәтер салынады», – деп мәлім етті индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Хабар 24 телеарнасы