389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Банкирді тапсырыспен өлтірген М.Тоқмәди Әблязовтің қысым көрсеткенін айтты

  • 301
  • UPD: 16:17, 07.10.2019

Мұхтар Әблязов кәсіпкердің отбасына қауіп төндіріп, банкир Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс берген.

Бұл жөнінде бұрынғы бизнесмен Мұратхан Тоқмәди мәлімдеді. Ол «Хабар» арнасындағы ток-шоуға жазасын өтеп жатқан колониядан байланысқа шығып, Мұхтар Әблязовтің қалай тапсырыс бергенін жеткізді.

Айта кетейік, Ержан Тәтішев 2004 жылдың желтоқсанында аң аулап жүргенде қаза тапты. Яғни аңды қуып жеткен кезде ол қаруды Мұратхан Тоқмәдиге берген. Сарапшылардың сол кезде жасаған қорытындысы бойынша, көлік ойыс жерге түсіп, қару өздігінен атылған. Яғни қайғылы оқиға делінген еді. Кейін Тоқмәди оны өлтіргенін мойындады. «Банк Тұран Әлем» экс-басшысын өлтіруге Мұхтар Әблязов тапсырыс берді деді сұхбаттарының бірінде. 2018 жылдың наурызында Тоқмәди 10 жарым жылға сотталды.

Мұратхан Тоқмәди, жазасын өтеуші:

– Арнайы қызметтер Ержан екеуміздің қарым-қатынасымыз туралы бәрін білетінін айтты. Яғни біздің тек аң аулауда ғана емес, өмірде де жақсы араласатынымыздан хабардар деді. Мені және менің отбасымды қорқытты. Егер келіспейтін болсам, өлтіремін немесе қаматамын деді.

Хабар 24 телеарнасы