389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Барлық көп балалы отбасыдағы әрбір балаға 10-11 мың теңге жәрдемақы төленеді

  • 196
  • UPD: 14:22, 07.10.2019
Барлық көп балалы отбасыдағы әрбір балаға 10-11 мың теңге жәрдемақы төленеді el.kz

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық көпбалалы отбасыға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді.

«4 немесе одан да көп кәмелет жасқа толмаған баласы бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы мөлшері бала санына қарай сараланады. Әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңге», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар 1 қаңтардан бастап кепілді әлеуметтік пакет тағайындалады. Онда тұрмысы төмен отбасылардағы 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға балалар тағамы, гигиеналық құралдар, мектеп киімдері, оқу құралдары беріледі және мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ жол жүру шығындарын өтеу қарастырылған.

Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы