389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Халықтың сүйіктісі – 2019» сыйлығына үміткерлерді ұсыну басталды

  • 117
  • UPD: 14:28, 07.10.2019
«Халықтың сүйіктісі – 2019» сыйлығына үміткерлерді ұсыну басталды

«Халықтың сүйіктісі» дәстүрлі қоғамдық сыйлығына үміткерлерді ұсыну басталды.

«Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтоқ хабарлағандай, сыйлықтың биылғы нұсқасында бірқатар өзгеріс бар. Атап айтқанда, бұрын номинацияға ие болған адамды үміткер ретінде биыл қайта ұсынуға болады. Сонымен бірге, «Үздік трэвел-блогер» жаңа аталым қосылып отыр. Ол саяхаттар мен туристік іс-шараларды насихаттайтын блогерлерге беріледі.

Осымен тоғызыншы жыл берілгелі отырған сыйлықтың номинациялар тізімі мынадай: «Жылдың үздік мұғалімі», «Жылдың үздік дәрігері», «Жылдың үздік спортшысы», «Жылдың үздік парламентарийі», «Жылдың үздік тележүргізушісі», «Жылдың үздік публицисі», «Жылдың үздік мәдениет қайраткері», «Жылдың үздік ақпараттық интернет-басылымы», «Блог саласының көшбасшысы», «Жылдың үздік трэвел-блогері», «Жылдың үздік фермері», «Жылдың үздік кәсіпкері», «Жылдың үздік әлеуметтік белсендісі», «Жылдың үздік вайнері».

 Бүгін сағат 22.00-де «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының Facebook-тегі ресми парақшасында, алдын ала кезең – үміткерлерді ұсыну жұмысы басталып, ұсыныстарды қабылдау 13 қазанға дейін жалғасады. Үміткерлерді әлеуметтік желінің қолданушылары ұсына алады. Номинанттар айқындалғаннан кейін «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының Facebook-тегі парақшасында 21-30 қазан аралығында дауыс берудің алғашқы кезеңі өтеді.

Ақпарат Қазақпарат сайтынан алынды

Хабар 24 телеарнасы