389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


73 мың адам шынайы табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмек алып келген

  • 135
  • UPD: 14:30, 07.10.2019
73 мың адам шынайы табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмек алып келген спутник

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың табысын тексеру арқылы 73 мыңнан астам жанұяның шынайы табыстарын жасырып, заңсыз әлеуметтік көмек алғаны анықталды.

«Біз мұндай азаматтардың төлемдерін тоқтатуға және қайта есептеуге мәжбүр болдық. Бизнестерін жасырған жағдарлар да аз емес. Мысалы, Алматы облысында 5 балалы отбасы осы жылдың 11 маусымынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алды. Бірақ тексеру барысында бұл отбасының 852 бас малы тіркелген шаруашылығы бар екені анықталды», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Сондай-ақ бір кәсіпкер азамат АӘК тағайындағанда бір тоқсандағы отбасы табысы 220 мың теңге деп көрсеткен. Бірақ тексеру арқылы 12, 5 млн астам табыс кіргені анықталған.

«Ол азаматтардың табысы аз қамтылған отбасы қатарына кіру үшін белгіленген межеден асады. Заңсыз әрекеттер көмекке шынайы мұқтаж адамдарға кедергі болады», - деді министр.

Айтуынша, 38 мың адам алған әтаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайта есептеліп, мемлекеттік бюджетке қайтарылады.

Сонымен қатар орын алуы мүмкін заңсыз әрекеттерге жол бермеу мақсатында атаулы әлеуметтік көмек алудың кейбір рәсімдері мен шарттары өзгертілетінін де атап өтті.

«Учаскелік комиссиялардың жұмысын күшейтеміз. Әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасы қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда учаскелік комиссиялар АӘК тағайындаудан бас тарта алады», - деді ол.

Автор: Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы