389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келер жылы аз қамтылған отбасыларға кепілді әлеуметтік топтама беріледі

  • 154
  • UPD: 15:35, 07.10.2019
Келер жылы аз қамтылған отбасыларға кепілді әлеуметтік топтама беріледі Казинформ

Елімізде келер жылдан бастап аз қамтылған отбасыларға кепілді әлеуметтік топтама беріле бастайды.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. Айтуынша, аталған отбасылардың 1-ден 6 жастағы балалары үшін арнайы тағам мен гигиеналық құралдар тегін ұсынылатын болады. Бұл топтаманы ауыл-аймаққа пошта арқылы жібермек. Ал нақты қандай тағам қажеттігін Денсаулық сақтау министрлігі шешеді. Сонымен қатар мектеп жасындағы балалар да ыстық тамақ пен мектеп формасы және құрал-жабдықтармен мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін болады. Ведомство басшысы бұл көмекті берерде аз қамтылған отбасының кіріс табысы есептелмейтіндігін айтты.

Хабар 24 телеарнасы