389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде халықты баспанамен қамтуға арналған тағы бір мемлекеттік бағдарлама пайда болады

  • 198
  • UPD: 15:31, 07.10.2019
Елімізде халықты баспанамен қамтуға арналған тағы бір мемлекеттік бағдарлама пайда болады

Елде халықты баспанамен қамтуға арналған тағы бір мемлекеттік бағдарлама пайда болатыны туралы Үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Айтуынша, жыл соңына дейін жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасы бекітілмек. Оны жүзеге асыру 2025 жылға дейін жоспарланып отыр. Бағдарлама 5 міндетті орындауға бағытталған. Олар бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, коммуналдық секторды жаңарту мен дамыту, тұрғын үй қорын күрделі жөндеуден өткізу және құрылыс саласын дамыту. Сондай-ақ министр осыған дейін қолданылған бағдарламалардың артықшылығы мен басым бағыттарының ескерілетінін айтты. 

Бейбіт Атамқұлов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

– Өзгерістер енгізу керек. Қажет. Өздеріңіз естідіңіздер, ол салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасы, несиенің проценттері және алғашқы жарна.

Хабар 24 телеарнасы