389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде үйлерді басқарудың жаңа тәсілі енгізіледі

  • 128
Елімізде үйлерді басқарудың жаңа тәсілі енгізіледі Добрая воля

Алдағы уақытта үйлерді басқарудың жаңа тәсілі енгізіледі. Әрбір тұрғын өзінің ағымдағы және жинақтаушы шоттарын ашады.

Осы арқылы пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компаниялар қаржының жұмсалуын көрсетіп отырады. Тиісті заң жобасын бүгін Сенаттың бір топ депутаты мақұлдады. Құжат енді жалпы отырысқа шығарылады. Егер қабылданып жатса, алдымен лифттер жаңартылады. Кооперативтер цифрлық жүйеге өтеді. Сол кезде тұрғындардың қаржысы қайда кетіп жатқаны анық көрінеді. Әйтпесе халық төлемақыларының қайда жұмсалып жатқанын біле бермейді. Мәселен, 2 бөлмелі пәтердің иесі айына 3 мың теңге төлейді. Ақшасының қайда кететінін білмегендіктен, тұрғындар төлемақы төлеуге де құштар емес. Салдарынан қарыздар, түрлі таластар пайда болады. Ал енді жаңа заң жобасына «бір үй - бір бірлестік - бір шот» қағидаты енгізілді. Үйлерді жөндеуге жергілікті атқарушы орган өкілдері де жауапты болмақ. Себебі құжатта әкімдіктердің құзыреті кеңейтіліп отыр.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары:

– Біз заңға енгіздік. Әкімшілік жергілікті бюджеттен шатырларды фасатты жөндеуге құқығы бар. Лифтті ауыстыру үшін 100 мыңнан, 500 мыңнан мүмкіндік жоқ. Сондықтан біз әкімдіктерге құқық беріп отырмыз. Жергілікті бюджеттен лифтті жөндеп немесе ауыстырып, 20-15 жылға квитанцияларға сол ақшаның шығынын кіргізу. Сол кезде адамдарға 2-3 мың теңгеден қосылады.

Хабар 24 телеарнасы