389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда ет қымбаттады

  • 163
  • UPD: 16:36, 07.10.2019
Қазақстанда ет қымбаттады obzor.io

Елімізде бір жылдың ішінде еттің бағасы айтарлықтай қымбаттады. Бұл туралы Energyprom.kz порталында жарияланды.

Әсіресе, тауықтың сан етінің бағасы 19,3%-ке көтерілген. Қазір сан еттің келісі 822,6 теңгеден сатылуда.

Ал тауық еті жыл басынан бері 18,6%-ке қымбаттап, 897,9 теңгеге жетті.

Қой еті 16,8%-ке қымбаттаған. Келісі 1676 теңгеден саудаланып жатыр.

Сиыр еті 15,1%-ке қымбаттап, бағасы 1748 теңгені құрады.

Талдаушылардың есебіне сүйенсек, жылдың соңғы тоқсанында ет пен ет өнімдерін тұтыну 1,8%-ке азайып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы