388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында заңсыз әкелінген 36 тонна дәрі-дәрмек жойылды

  • 147
  • UPD: 18:12, 07.10.2019
Алматы облысында заңсыз әкелінген 36 тонна дәрі-дәрмек жойылды

Алматы облысында 36 мың тонна сертификаты жоқ дәрі-дәрмек пен темекі жойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел аумағына әкелуге тыйым салынған тауарлар шекара шебінде тәркіленіп, 10 жыл бойы жиналған болатын. Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қоймаларда сақталған медициналық препараттарды қайта түгендеп шықты. Толықтай тексерістен өткізіп, жалпы сомасын есептеп шығарған. Мамандардың мәліметінше, контрабандалық жолмен тасымалданған заттардың құны 42 млн теңгеден асады екен. Химиялық қоспалардың  құжаттары рәсімделгеннен кейін Алматы қаласы маңындағы кәсіпорындардың бірінде өртелді.

Айта кетейік, сала мамдандары бұған дейін де мемлекет аумағына заңсыз кіргізілмек болған тауарларды жойған болатын.

Ғабит Оразов, облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

- Бұның алдында 13 тонна контрафактілі тауарды жойған болатынбыз. Одан кейін 11 тоннаға жуық осы уақытша сақтау қоймаларында сақталған, контрабандалық жолмен әкелінбек болған тауарларды жойған болатынбыз. Ал нақты жасап отырған шара ауқымды болып отыр. Өйткені салмағы және сомасы бойынша тауарлар мүлдем көп.

Хабар 24 телеарнасы