389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет ішкі бағыттар бойынша тұрақты рейстерге шектеуді алып тастамақ

  • 130
  • UPD: 22:06, 07.10.2019

Алматы, Шымкент, Өскемен секілді 9 қалада «ашық» аспан режимі орнатылады. Қазір бұл жүйе елордада қолданыста, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы арқылы шетелдік әуе компанияларының аталған қалаларға рейс жасауына жол ашылады. Бүгінде ел аумағында 59 әуе компаниясы жұмыс істейді. Сол себепті еліміз авиацияға зор көңіл бөліп отыр. Бір жылда 5 млн 600 мың жолаушы осы қызметті пайдаланған. Транзиттік жолаушыларды алда 1 млн-ға жеткізу жоспарда тұр. Әуе билетінің құны да мамандардың жіті назарында.

«Ол үшін салада бәсекелестікті арттыру керек», - дейді. Үкімет ішкі бағыттар бойынша тұрақты рейстерге шектеуді алып тастамақ. Оған қоса, авиаотын өндірісі де артады. Биыл өндірісті 694 мың тоннаға, алдағы жылдары 850 мың тоннаға жеткізу мақсаты тұр. Бұл сұранысты толық қамтуға жеткілікті. Дегенмен, салада өзекті мәселелер де аз емес.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

Азаматтық авиация саласы үшін отандық білікті кадрларды даярлау біздің министрліктің маңызды міндеті. Отандық кадрлардың жетіспеушілігінен авиакомпаниялар көбінесе шетелдік пилоттар мен әкімшілік құрамды жұмысқа тартады. Біздің елімізде жалғыз оқу орны азаматтық авиация академиясы бар. Министрлік жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында азаматтық авиацияны дамыту жоспарын әзірлеуде. 2020 жылы біз сала бойынша барлық қолданыстағы оқу орындарын шоғырландырып, еуропалық стандарттарға сай авиация оқу орталығын құруды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы