389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында мақтаның бағасы белгілі болды

  • 224
  • UPD: 21:32, 07.10.2019
Түркістан облысында мақтаның бағасы белгілі болды

Жиын-терім басталғанда бағасы дауға айналған ақ алтынның келісі биыл 150 теңге деп бекітілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір мақта теру науқаны қызу жүріп жатыр. Биылдыққа өңірде 131 мың гектарға мақта дақылы егілген. Шаруалар сәтін салса 340 мың тонна шитті өнімді жинаймыз деп отыр. Өңірде шитті мақтаны қайта өңдеумен айналысатын 16 зауыт бар, қазір соның жетеуі мақтаны осы бағамен қабылдап келеді. Қалған 9 зауыт та алдағы бір аптада дайын болады. Бүгінге дейін аймақта ақ алтынның 10%-і жиналды. Орташа өнімділік 25 центнер.

Нұрбек Бадырақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Биыл былтырғы жылмен салыстырғанда мақтаның биржада бекітілген индексі төмен болып отыр. Яғни былтыр бұндай уақытта біздер алғашқы мақтаны 180-185 теңгеден қабылдаған болатынбыз. Биыл 150 теңгеден қабылдап жатырмыз. Қалған 9 зауытымыз бірінші кезекте біліктілік талаптарын анықтайды. Екінші қабылдаған шитті мақтасын қандай компанияларға өткізеді, экспортқа жібереді. Сол компаниялармен келісімшартқа отырғаннан кейін барып, бағасы нақтыланатын болады.

Хабар 24 телеарнасы