389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

  • 163
  • UPD: 23:58, 07.10.2019

Парламент Сенатының төрағасы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дариға Назарбаева жергілікті депутаттармен кездесіп, мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтады. Өңірлермен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру үшін Сенатта өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылған. Кеңес мәслихаттардың рөлін одан әрі нығайту, хатшылардың мәртебесін арттыру, сондай-ақ босатылған депутаттар институтын енгізу жөнінде Үкіметке ұсынымдар пакетін әзірлеген. Дариға Назарбаева осы құжатты талқылауға белсенді қатысуға шақырды.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы заңға түзетулерді де қарап жатырмыз. Осындай сіздердің айтқан ұсыныстарыңыздың барлығын біз оны қарастырып, түзетулерге де енгізетін мүмкіншілігіміз бар.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева қоғамдық кеңес мүшелерімен де кездесті. Олардың сұрақтарына жауап беріп, кеңес жұмысын одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Әсіресе, жұртшылықтың қатысуымен жиі көшпелі отырыстар өткізу, халықпен жұмыс істеудің жаңа форматы қажет деді. Бүгінде кеңестің 40-қа жуық мүшесі бар. Алдағы уақытта оның қатары жастармен және түрлі сала өкілдерімен толығуы мүмкін.

Бағлан Баймағамбетов, облыстық қоғамдық кеңестің жетекшісі:

- 40-50% жастар болса, қалғандары тәжірибелі, еңбекте өздерін көрсеткен азамат пен азаматшалар болғанын тілеймін. Қоғамдық кеңестің өзінің таңбасы, мөрлері болуы керек. Құжат қағаздары болуы керек. Сол себептен заңнамаға енгізуі дұрыс деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы