389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында вакцина салынғандығы туралы анықтамасы жоқ ірі қаралар сатылған

  • 149
  • UPD: 22:40, 07.10.2019
Түркістан облысында вакцина салынғандығы туралы анықтамасы жоқ ірі қаралар сатылған

Түркістан облысындағы мал базарларында ауруға қарсы вакцина салынғандығы туралы анықтамасы жоқ ірі қаралар сатылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы облыс аумағында 29 мал базары бар. Онда сырттан әкелінген малдың «ұрлан-ұрланбағаны, ауру ма, сау ма, кімдікі екені және қайдан алынғандығы» туралы да ешқандай ақпарат жоқ. «Тіпті ауруға қарсы екпе егілген, егілмегені де белгісіз», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов. Сондықтан өңірдегі ветеринарлық қауіпсіздікті сақтау мақсатында осы аптадан бастап арнайы топ рейд жүргізбек.

Нұрбек Бадырақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Ірі кәсіпкерлік нысандарға 200 айлық есептік көрсеткіш емес, 400 АЭК дейін айыппұл салынады. 50 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін айыппұл салынады. Бұл дегеніміз, өзінің алып келген жануарларының бағасынан да екі есеге дейін арттық айыппұл. Сондықтан агроқұрылымдардың құлағына өтініш, заңға сәйкес жұмыс асауларыңызда сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы