388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде көмір тапшылығын алыпсатарлар жасауда

  • 160
  • UPD: 23:17, 07.10.2019
Өскеменде көмір тапшылығын алыпсатарлар жасауда

Өскеменге көмір жоспарлы түрде жеткізіліп жатыр. Бүгінде қаладаға қажеттілік 80% қамтамасыз етілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Өңірдегі көмір тапшылығы жайында бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпарат шындыққа жанаспайды», - дейді облыс орталығының басшысы. Әкім мәселенің мән-жайын анықтамақ үшін қатты отын сатылатын орынға арнайы барып, кезекті көрді. Алайда онда тұрғандардың дені көмірді көрші аудандарға апарып сататын алып-сатарлар. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына отын жіберілгенше олар кейде бірнеше күн қатарынан күтулеріне тура келеді. Қалада әлеуметтік әлсіз топқа жататын 7 мың отбасы бар. Жақында Өскеменге 22 вагон көмір жеткізілді, тағы 14 вагон кезегін күтіп тұр.

Жақсылық Омар, Өскемен қаласының әкімі:

- Әлеуметтік көмір 40 мың тонна, Өскемен қаласы бойынша 7 мың отбасы. Барлық отбасылар көмір алып жатыр, міне Сергей Александрович - Ауғанстан ардагерлерінің қоғамдық бірлестігінен, біз оларға арнайы құрал-жабдықтар бөліп береміз, адамдар бөлеміз, арнайы жұмыс тобы жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы