389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында барлық санитарлық бекет күшейтілген режимдегі жұмысқа көшті

  • 138
  • UPD: 07:52, 08.10.2019
Жамбыл облысында барлық санитарлық бекет күшейтілген режимдегі жұмысқа көшті

Жамбыл облысындағы барлық медициналық мекемелер, мектептер мен балабақшалардағы санитарлық бекеттер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.

Себебі аймақта жылда осы уақытта жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау өрши түседі. Мониторингке сәйкес өңірде жылда эпидемиологиялық маусым кезінде 20 мыңға жуық адам ағзасынан осындай инфекция анықталады. Оның 60 проценті 14 жасқа дейінгі балалар. Ал тұмаумен ауыратындар 100 адамнан аспайтын көрінеді. Мамандардың айтуынша, бұл қалыпты жағдай. Биыл алдын алу мақсатында 115 мың тұрғынға тұмауға қарсы екпе егу жоспарланып отыр. 

Ғазиз Надуев, облыстық тауарлар мен қызметтерді бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- 1 октябрьден біздің зерделеуіміз бойынша майға дейін тұмаудың сезоны басталады. Сондықтан қазір 1 қазаннан бастап апталық мониторинг жүреді. 1 желтоқсаннан бастап күнделікті мониторинг жүргізіледі. Оның ішінде созылмалы хроникалық аурулары бар 30 мыңдай жасөспірімдер. 30 мыңдайы қарт кісілер. Және де жүкті 6 мыңдай әйел адамы егіледі.

Хабар 24 телеарнасы