389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балалар сарымсақты мойнына тағып келеді – Медбике тұмауға қарсы күрес туралы

  • 126
  • UPD: 09:44, 08.10.2019

Қарағанды облысында қыркүйек айында 939 адам тұмау ауруына шалдыққан. Оның ішінде 109 бала, 43 жүкті әйел бар. Күз мезгілінде күшіне ене бастайтын  тұмаумен күресу жолдарын аймақтағы тілшіміз түрлі сала мамандарынан анықтап білді.

Тұмаудың алдын алу шараларын әсіресе спортшылар жақсы біледі. Александр Сенькин қарағандылық жеңіл атлеттерді 10 жыл жаттықтырып келеді. Бапкердің айтуынша, тұмаудан аулақ болу үшін адамның иммунитеті мықты  және салауатты өмір салтын ұстану қажет. 

Александр Сенькин, бапкер:

- Біз спортшылар болғандықтан, дұрыс тамақтану мен ұйқы тәртібінің денсаулыққа пайдасын жақсы білеміз. Бір күнде кем дегенде сегіз сағат ұйықтау қажет. Күз айларында түрлі полидәрумендер қабылдаймыз. Денсаулық болмаса, ешқандай жетістіктерге жете алмаймыз. 

Тұмаудан сақтану шаралары балабақшаларда міндетті түрде сақталатын тәртіп. Күніне 330 бала қабылдайтын қалалық балабақшада 12 топ бар. Әр топқа кіре берісте денсаулық бұрышы қарастырылған. Тәрбиешілер баланы қабылдап алу бұрын, олармен тұмаудан сақтану процедураларын өткізеді. 

Қарлығаш Құлпейсова; балабақшаның медбикесі:

- Таңертеңгілік біз қарап, тамағын, ішін жұқпалы аурулардан өзімізді сақтаймыз. Екіншіден, ата-аналардың үйден оксалин мазін жағып келеді. Және де бізде әрбір топты кварцтау жүргізіледі. Сарымсақты киндердің ыдысына салып мойындарына тағып әкеледі әр бала және күнделікті үйлеріне барғанда тамақтарын тұзды жылы сумен шәйіп келулерін сұраймыз. 

Бүлдіршіндерде жұқпалы аурулардан сақ болу ережелерімен таныс. Ауырған жағдайда да балабақшада оларды емдейтін арнайы физиокабинеттер бар. 

Кәусар Кәріғұлова:

- Көп тамақ ішеміз, мамаммен қыдырамыз, мамам мұрныма мазь жағады, сарымсақ тағады, көп жемістер жейміз. 

Айта кету керек Қарағанды облысында тұмау ауыруының таралуы  желтоқсан айының соңынан басталады. Ал науқастардың тұмауға шалдығу шыңы қаңтардың ортасынан ақпанның соңына дейін байқалады дейді дәрігерлер. Қазіргі уақытта аймақта ақысыз түрде тұмауға қарсы иммундау жүріп жатыр.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы