389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда тұмауға қарсы вакцина бірінші кезекте дәрігерлерге егіледі

  • 115
  • UPD: 09:41, 08.10.2019

Қырғызстанда тұмауға қарсы екпе жасау науқаны басталып кетті. Әдетте күз ортасында тұмауратқан адамдардың саны күрт артады. Дәрігерлер екпе жасау аурудан сақтап қалады дейді. Және бұл шараны өздерінен бастайды.

Қырғызстан емханаларында тұмауға қарсы екпені қыркүйек айында жасай бастаған. Қалыптасқан әдет бойынша бірінші болып вакцина дәрігерлерге егіледі. Олар үнемі науқастармен араласып жүргендіктен жұғу қауіпі жоғары топқа жатады.

Бермет Мамбеталиева, рентгенолог:

- Мен флюорокабинетте істеймін және жыл сайын тұмауға қарсы екпе жасаймын. Ол өте тиімді көмектесіп жүр, өйткені күзде бізде науқас көп болады. Күніне жүзден аса адам қабылдаймын. 

Дәрігерлерге екпе міндетті түрде жасалса, қалған халық бұл шараға өз еркімен барады. Ақылы болғандықтан көбісі екпе жасағысы келмейді. Сол себептен күн суытқанда, науқастар саны күрт артады. Дәрігерлер ақпарат құралдары және басқа да жолдармен екпе жасаудың тиімділігін халыққа барынша түсіндіруге тырысады. 

Нұргүл Укеева, дәрігер:

- Өз тәжірибеме сүйеніп екпе көмектесетінін байқадым. Мен жиырма жылдан аса вакциналармен жұмыс істеп келемін, кез келген вакцина тұмаудан 99 процентке сақтайды.

Дәрігерлердің бұл бағыттағы белсенді еңбегі жемісін берді. Егер осыдан бірнеше жыл бұрын Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның 25 мың ғана данасын сатып алып жүрсе, биыл бұл көрсеткіш 250 мыңға жетті. Жұғу қауіпі жоғары топтарға, мектеп оқушыларына және жүкті әйелдерге екпе егу тегін. Қалғандарына орташа есеппен 10 доллар тұрады. 

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы