389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаөзендіктер үшін Ақтаудан 400-ге жуық пәтер сатып алынады

  • 146
  • UPD: 09:57, 08.10.2019

Жаңаөзен тұрғындары үшін жыл соңына дейін Ақтаудан 400-ге жуық пәтер сатып алынады. Өңір әкімдігі бұл жұмыстарды екі бағыт бойынша жүзеге асырмақшы.

Алғашқысы жергілікті мұнай компаниясы бөлетін 1 млрд теңге 126 пәтер алуға жұмсалады. Жуық арада 70 баспана Жаңаөзеннен қоныс аударатын тұрғындарға берілмек. Тағы 56 үй қараша айында Ақтау қалалық тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің теңгеріміне алынады деп күтілуде. Сондай-ақ республика бюджетінен қаралатын 2,9 млрд теңгеге 268 пәтер сатып алынады. Баспаналарды бөлуге аймақ әкімінің өкімімен құрылған жұмыс тобы жауапты. Пәтер кілттері бірінші кезекте ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар мен әлеуметтік көмекке зәру азаматтарға беріледі.

Нұрлыбай Аққұлов, облыс әкімінің орынбасары:

- Жалпы бұл келетін азаматтарды тек қана үймен қамту емес, оларды болашақта жұмыспен қамту. Олардың ішіндегі зейнеткерлерді әлеуметтік мәселелері бойынша, емханаға тіркелу мәселесі, мектеп жасындағы балаларды мектепке орналастыру, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамту мәселелері де қарастырылады. Жаңаөзен қаласында қазіргі таңға дейін 4 мың 356 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы