389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда бірнеше қоғамдық көліктің қозғалыс бағыты өзгереді

  • 142
  • UPD: 10:37, 08.10.2019
Нұр-Сұлтанда бірнеше қоғамдық көліктің қозғалыс бағыты өзгереді

Бүгіннен бастап №306 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Astana LRT баспасөз қызметі

«Талапкер ауылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты 8 қазан сағат 10:00-ден бастап №306 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді», – делінген хабарламада.

Бағдар қозғалыс сызбасының қалпына келтірілуі туралы қосымша хабарланатын болады.

 

Сондай-ақ Қордай көшесі бойында жол жөндеу жұмыстарына байланысты 8 қазан күні сағат 10:00-ден бастап №24, 31 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

Хабар 24 телеарнасы