389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы Біләлов қызметінен босатылды

  • 133
  • UPD: 13:12, 08.10.2019
Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы Біләлов қызметінен босатылды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың шешімімен Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы Берік Біләлов қызметінен босатылды.

Бұған өңірлік ведомствоның бірнеше қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны себеп. Бұған дейін департамент бастығының орынбасары, полковник Сәдуов пен басқарма басшысы Жұмалина ұсталған болатын. Оларға жемқорлық әрекеті бойынша айып тағылды. Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық полиция департаменті бастығының міндетін полиция генерал-майоры Арманбек Баймұрзин артқарады. Ол бұған дейін министрліктің криминалды полиция департаментін басқарған. Еске салайық, ағымдағы жылдың 8 айында елімізде полиция қызметкерлеріне қатысты 307 сотқа дейінгі тергеу басталған, оның 170-і сыбайлас жемқорлыққа қатысты. Дәл осындай айыппен 52 басшы қылмыстық жауапқа тартылды.

Хабар 24 телеарнасы