389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЮНИСЕФ елімізде бала құқығын қорғау жобасын жүзеге асырып жатыр

  • 120
  • UPD: 15:52, 08.10.2019

Astana Hub ЮНИСЕФ-пен бірлесе балалардың құқық, мүдделерін қорғау жөніндегі әлеуметтік жобасын жүзеге асыра бастады.

Осыған байланысты, Халықаралық АйТи-стартаптар технопаркі мен БҰҰ Балалар қоры «Соушыл Инновейшн» әлеуметтік инновациялар зертханасын іске қосты. Шара барысында Майкрософт өкілдері корпоративтік секторда тың жобаларды қолдану тәжірибесі туралы айтты. Ал жас өнертапқыш Дильназ Қамалова болса, өзінің «Сикуэнс» жобасын таныстырып, халықаралық байқауларда жүлделі орындардан көрінгені туралы хабарлады. Отандық бағдарламалардың қатарында балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу, смартфон арқылы тәрбиелеу сынды мобильдік қосымшалар да таныстырылды.  

Артур Ван Дизен, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі:

- Мақсатымызға балалардың қауіпсіздігіне және олардың дамуына оң септігін тигізетін тың бағдарламаларды ойлап табу, жетілдіру және стартапшыларды қолдау жұмыстары кіреді. «Астана Хаб» арқылы мемлекеттік және жекешелік әріптестікті дамытып, өнертапқыштар мен қоғам белсенділерінің және инвесторлардың басын қосуға болады. ЮНИСЕФ бұрыннан осы бағыттағы инновациялық жобаларды демеп келеді.

Хабар 24 телеарнасы