389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Денсаулық паспортының мобильді нұсқасы әзірленді

  • 108
  • UPD: 13:38, 08.10.2019

Адам денсаулығына қатысты ақпараттар қолжетімді бола түсті. Отандық мамандар денсаулық төлқұжатының мобильді нұсқасын әзірледі. Яғни енді құжаттарды алу үшін емханаларды жағалаудың қажеті жоқ. Тіпті бұрынғыдай электронды үкіметке қосылған компьютер де керек емес. Барлық операцияны қоллдағы телефон арқылы санаулы секундта орындауға болады дейді мамандар.

Бұл республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының елордадағы бөлімі. Соңғы кезде саланы цифрландыруға қатысты негізгі жұмыстар осында атқарылады. Мамандар жаңа мобильді қосымшаның халықаралық талаптарға сай екенін алға тартады. Өткен аптада іске қосылған. Қазір оны кез-келген адам тегін қолдана алады. 

Ақсұлтан Ешмұратов, республикалық  электрондық денсаулық сақтау орталығы бөлімінің бас маманы:

- Аталған сервис қазақстантандықтарға өзі туралы актуалды ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Сіз өзіңіздің қандай медициналық ұйымға бекітілгеніңізді, қандай рецепттер жасып бергенін, жоспарлы және нақты емдеуге қатысты ақпаратты және қолданыстағы есеп бойынша ақпаратты көре аласыз. Яғни, бұл азаматтың денсаулығы бойынша қысқаша ақпарат болып есептеледі. 

Мобильді қосымшаны қолдану қиын емес дейді мамандар. Әсіресе, телефон арқылы электронды үкімет қызметін пайдаланып жүргендер үшін тіптен оңай. Өйткені бұл осы электронды үкімет қызметінің жетілдірілген үлгісі болып есептеледі. 

Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Электрондық денсаулық паспорты БҰҰ-ның CDA халықаралық стандарты бойынша жасалған. Бұл сіздің денсаулық паспортыңызды арнайы мобильдік қосымшасыз ашуға мүмкіндік береді, яғни, смартфонда бар қосымшалар сол құжатты аша алады. Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру кеңсесінің техникалық командасы соңғы жылдары  осы жобамен жұмыс істеген! 

Жоба авторлары жеткен жетістіктеріне тоқмейілсімейді. Мобильді қосымшаны одан әрі жетілдіріп, ондағы ақпараттар қатарын көбейте түспек. Өйткені бастама азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін арттырумен қатар дәрігерлердің жұмысын да біршама жеңілдетеді. Яғни қажетті деректерді іздеп уақыт жоғалтпайды.  

Авторлары: Аслан Қаженов, Ерзат Зайытхан

Хабар 24 телеарнасы