389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында тұмауға қарсы вакцина егуге 39 млн теңге бөлінді

  • 114
  • UPD: 14:27, 08.10.2019
Маңғыстау облысында тұмауға қарсы вакцина егуге 39 млн теңге бөлінді

Маңғыстау облысында тұрғындарды тұмауға қарсы вакцинациялауға облыс бюджетінен 39 млн теңге бөлінді.

Бұл қаржы Ресейден 45 мың дәрілік препарат сатып алуға жұмсалған. Жауапты ведомство қызметкерлері жыл соңына дейін облыс халқының 12 процентін екпемен қамтамасыз етпекші. Жалпы өңірде медицина қызметкерлері, дәрігер бақылауына алынған балалар, сәбилер үйінде тәрбиеленушілер мен жүктіліктің 2 және 3-сатысындағы әйелдер жыл сайын вакцина алады. Сондай-ақ өндіріс орындарының есебінен жұмысшылар мен олардың отбасылары егіледі. Бұдан шыққан нәтиже де жақсы. Өткен жылмен салыстырғанда ауа арқылы таралатын вирусты жұқтырғандар саны биыл 1,2 процентке азайған.

Хабар 24 телеарнасы