389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда «Адал жүрек» қайырымдылық марафоны өтті

  • 127
  • UPD: 14:55, 08.10.2019
Ақтауда «Адал жүрек» қайырымдылық марафоны өтті

Каспийді жағалай жүгіру үшін 400-ден астам қала тұрғыны жиналды. Арасында бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов бар.

Зейнеткерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен жастар және салауатты өмір салтын ұстанушы жандар 2 мың 400 метр жерді жаппай жүгіріп өтті. Қайырымдылық марафоны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті және  облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. Мәре сызығына бірінші болып жеткен жеңімпаздарға чемпион Бекзат Нұрдәулетов кубок және дипломдармен марапаттады. Ал жиналған қаражат ауыр дертке шалдыққан жаңаөзендік бүлдіршін Дамир Әлімжанның еміне берілді. 

Қуандық Әбелдинов, ҚР СЖҚІА облыс бойынша департаментінің бас маманы:

- Негізгі марафонның мақсаты Әлімжан Дәуреннің еміне ақша жинау. Екіншіден тұрғындар арасында жасөспірімдер арасында адалдық, парасаттылық принциптерін насиахттауға бағытталған іс-шара.

Хабар 24 телеарнасы