389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да бір күнде отыздан астам саяжай үйі өртенді

  • 144
БҚО-да бір күнде отыздан астам саяжай үйі өртенді

Батыс Қазақстан облысында бір күнде отыздан астам саяжай үйі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

БҚО ТЖ департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашевтің мәлім еткеніндей, оқиға кеше орын алды. Орал қаласында сағат 12.33-те «Автомобилист», «Арматурщик», Бәйтерек ауданында «Яик» саяжай серіктестіктері өртенді. Барлығы 40 гектар жер жанып, 31 саяжай үйі (олардың көбі қараусыз қалған) мен шаруашылық құрылыстары отқа оранды. Теректі ауданы Әйтиев ауылы аумағында 25 га жер жанып, өрт бүгін сағат 08.10-да оқшауланып, 10.53-те сөндірілді. Сағат 13.50-де Бәйтерек ауданы Озерный ауылында 150 га құрғақ шөп, бұта мен орман алқабы өртенді. «Тілсіз жау» бүгін сағат 11.01-де ауыздықталды. Шолпан елді мекенінен Рубежка ауылына 30 адам эвакуацияланып, олар ағайын-туыстарында паналап, бүгін үйлеріне қайтып оралды.

Кеше сағат 20.04-те Орал қаласы аумағындағы «Көктем» саяжай серіктестігі, 109-учаскесінде саяжай үйі (25 шаршы метр) өртеніп, 21.30-да сөндірілді.

Ж.Жұмашев табиғи өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындар өтемақы алу үшін БҚО ТЖ департаментінен өрт жөніндегі актінің көшірмесін алып, сосын жергілікті атқарушы органдарға жолыққаннан кейін арнайы комиссия қарайтынын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы