389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық дәрігерлер мойын омыртқасы сынған науқасты аман алып қалды

  • 137
  • UPD: 23:11, 08.10.2019
Алматылық дәрігерлер мойын омыртқасы сынған науқасты аман алып қалды

Алматылық дәрігерлер жол апатына түсіп, мойын омыртқасы сынып, шығып кеткен жас жігітті аман алып қалды.

Одан бөлек, науқастың жұлынына да қатты зақым келген. Дәрігерлер науқас өте ауыр халде болды дейді. Оның тілі күрмеліп, аяқ-қолдары істемей қалған. Шұғыл түрде операция жасалып, мойын омыртқаларының арасындағы шеміршектің орнына жасанды материал қойылды. «Егер науқас ауруханаға дер кезінде жеткізілмегенде, мүгедек болып қалуы мүмкін еді», - дейді мамандар. Оқыс оқиға 30 қыркүйек күні таңертең Алматы облысындағы Жетіген ауылының маңында болған. 23 жастағы Жасұлан мінген шағын автобустың артына басқа көлік келіп соғылған еді.

Жасұлан Жарылқасын, науқас:

– Мен отырған көліктің артындағы терезеге арттан келген көлік соқытығысты. Үстінде жүгі, яғни құбыр болған. Сол терезені тесіп, менің мойнымнан ұрған.

Тимур Айтмұханов, дәрігер-нейрохирург:

– Мұндай операциялар өте сирек кездеседі және ауыр операциялардың біріне жатады. Қазір науқастың жағдайы өте тәуір. Аптаның аяғында шығарамыз деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы