389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәсіподақтар ұйымы 1 млн-нан аса жұмысшының айлығын 31% көбейтуге септескен

  • 205
Кәсіподақтар ұйымы 1 млн-нан аса жұмысшының айлығын 31% көбейтуге септескен

Жалақысы төмен жұмысшылардың мәселесі Кәсіподақтар ұйымының жіті назарында.

Бүгінге дейін ұйым 1 млн-нан аса жұмысшы айлығын 31 процентке көбейтуге септескен. Бұл мәліметтерді Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов жариялады. Айта кетейік, қазанның 10-і күні кәсіподақ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі елімізде алғаш рет ресми деңгейде аталып өтеді. Ал бүгін Кәсіподақ федерациясына мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев барып, сала мамандарына Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Осы жерде салаға еңбегі сіңген бірқатар азаматтар марапатталды. Бүгінде ел бойынша қауымдастықтың 2 млн-ға жуық мүшесі бар.

Қырымбек Көшербаев, ҚР мемлекеттік хатшысы:

– Сасқанға сая, ал асқанға тосқан болып келе жатқан сіздер кәсіподақ қайраткерлері істеген істеріңізбен, әділеттіліктеріңізбен адамға да, құдайға да жағымдысыздар. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұы Тоқаев сіздерді марапаттай отыра, үлкен үміт артады. Елдің бірлігін аманат етеді. Істеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға амандық тілейді.

Хабар 24 телеарнасы